Қ.Жұбанов. Қазақ сөйлеміндегі сөздердің орын тәртібі тарихынан: Аудармалар жинағы/ Құрастырушылар: К.Қ.Садирова. П.С.Сыдық. – Ақтөбе: «Жұбанов университеті» баспасы, 2019. – 150 б.
Профессор Қ.Жұбановтың ғылыми маңызды еңбектерінің бірі – «Қазақ сөйлеміндегі сөздердің орын тәртібі тарихынан». Осы мақаласында ғалым ой дәлдігін сақтау үшін әр сөзді өз орнында қолдана білу маңыздылығын көрсеткен. Сол арқылы тілді тіл деңгейінің бір саласына матап қоймай, оны кең ауқымды түрде қарастырған.
Аталған еңбекті бірнеше тілге аударудың мақсаты – ғалымның зерттеулерін халықаралық деңгейде насихаттау. Профессор Қ.Жұбановтың аталған мақаласының бірнеше тілге аударылуы еңбектің ғылыми айналымын арттырады. Аударма жинағы тілші мамандарға, білімгерлерге арналады.