Қ.Б. Сарбасова, С.Ә. Садуақасова. Медиамәтін және саяси метафора: Оқу құралы / Қ.Б.Сарбасова, С.Ә. Садуақасова. Қарағанды: «АҚНҰР» баспасы, 2018. -192 б.
Оқу құралының мақсаты магистранттардың «Медиамәтін және саяси метафора» курсы бойынша алған білімдерін іс жүзінде пайдалана білуге, өздігінен жетілдіруге, ғылыми тұрғыдан қарастыруға бағыт-бағдар беру болып табылады. Сондықтан құралда «Медиамәтін және саяси метафора» курсы бойынша дәрістер кешені, пысықтау-жаттығулары, бақылау сұрақтары, магистранттардың өздік жұмысының тапсырмалары, оны орындауға бағытталған әдістемелік нұсқау берілген.
Оқу құралы қазақ тілі мен әдебиеті мен журналистика мамандығының магистранттары мен оқытушыларына арналған.