Библиографқа сұрақ

Құрметті оқырмандар!

Кітапхана қызметкерлері Сіздерге көмектесуге дайын, егер де:

  • сіз мақала немесе ғылыми жұмыс жазу барысында, іздеуді неден, қай деректер базасынан бастауды, қай кітаптарды қолдануды білмесеңіз;
  • сіз кеңес алу үшін қай бөлімге баруды білмесеңіз;
  • сіз электронды каталогтан керек кітапты таба алмасаңыз;
  • ПОҚ мен магистранттарға, ғылыми басылымдарына классификациялық ӘОЖ, КБЖ индекстерін тағайындау бойынша және ISBN қажет болған жағдайда (онда кері байланыс үшін аты-жөні, эл.поштасы немесе ватцап нөмері көрсетілуі тиіс);
  • осы және басқа да сұрақтармен бізге жүгіне аласыздар. Біз қызметті тегін көрсетеміз, тек қана өз сауалдарыңызды дұрыс және сыпайы түрде қоюларыңызды өтінеміз.

Біз көмекке келе алмаймыз:

  • сіз үшін реферат, диплом немесе диссертация жазуға;
  • сіз үшін физика, химия және басқа сабақтардан есеп шығаруға;
  • құқықтық кеңес беруге;
  • кроссворд шешіп, викторина мен конкурс сұрақтарына жауап табуға немесе коммерциялық сипаттағы ақпарат беруге;
  • сауалдар тәулік бойы және шектеусіз қабылданғанмен, керек ақпаратты іздеп табу үшін библиографқа уақыт керек екенін естен шығармауларыңызды өтінеміз, сондықтан сізге жауап 2-3 жұмыс күнде келуі мүмкін.

Оқырманның виртуалды сұраныстарын орындайтын “Jivosite” батырмасы арқылы «Библиографқа сұрақ» жолдай аласыздар.



Құрметті оқырман!
Кітапхана қызметіне байланысты сұрақтарыңыз немесе ұсыныстарыңыз болса bibl_zhubanova@mail.ru электронды поштасына хат жолдасаңыз болады.