Кітап қорын толықтыру және ғылыми өңдеу бөлімі


Кітап қорын толықтыру және ғылыми өңдеу бөлімі


Әдебиеттерді жинақтау бөлімі кітапхананың кітап қорын толық және шұғыл түрде, ғылыми негізделген құжаттармен қамтамасыз етеді. Кітапхананың кітап қорының толықтырылуы университет саласына, ғылыми зерттеу институттарының қажеттіліктеріне, оқу жоспарларына сай университет факультеттері мен кафедраларының сұранысына сәйкес жүргізіледі.

Бөлімнің негізгі міндеттері мен функциялары:

  • кітапхана қорына университеттің ғылыми-зерттеу және оқу-тәрбие үрдісін қамтамасыз ететін әдебиеттерді жинақтау;
  • кітапхана қорына келіп түсетін және қордан шығарылатын әдебиеттерге есеп жүргізу;
  • бөлім ісін университеттің құрылымдық бөлімдерімен, кафедраларымен, институттарымен үйлестіре жүргізу;
  • ҚР кітап баспалары мен кітап сатушы ұйымдарымен бірлесе жұмыс істеу;
  • мерзімді басылымдарға жазылуды жүргізу;
  • кітапханаға түскен басылымдарды Web-ИРБИС бағдарламасының «Каталогизатор» модулі бойынша қабылдау, қадағалау, есепке алу, тіркеу, техникалық өңдеу, каталогке енгізу және оны тиісті бөлімдерге тарату;
  • Web-ИРБИС бағдарламасы бойынша кітап қорының электронды каталогін дамытуды жүзеге асыру.

Кітап қорын толықтыру  және ғылыми өңдеу бөлімінің меңгерушісі:
Тәжіғалиева Сәулет Елубайқызы