Кітапхананы пайдалану ережесі


Кітапхананы пайдалану ережесі


1. Жалпы ережелер

1.1 Осы ереже «Қ. Жұбанов атындағы АӨУ кітапханасы туралы ереженің» негізінде құрастырылды және кітапхана мен кітапхананы пайдаланушылар арасындағы қатынасты реттейді;
1.2 Кітапхана университеттің оқу және ғылыми процесін кітаппен және ақпаратпен қамтамасыз ететін жетекші бөлімі болып табылады;
1.3 Кітапхана өз жұмысында ҚР Конституциясын, «Білім туралы» Заңды,  Кітапхана туралы ереже негізінде  және университеттің нормативтік құжаттарын басшылыққа алады;
1.4 Студенттер, ПОҚ, магистранттар, PhD докторанттар және қызметкерлер кітапхана қызметін пайдалануға құқылы;
1.5 Оқырмандарға кітап таңдауда кітапхана тарапынан жан-жақты көмек көрсетіледі;
1.6 Кітапхана жыл сайын оқырмандарды қайтадан тіркеуден өткізеді. Оқу жылы аяғында студенттер бережақ кітаптарын толық кітапханаға өткізуі тиіс. Басқа жағдайда оларға қызмет көрсетілмейді.

 2. Абонемент пен оқу залын пайдалану туралы

2.1  Оқулықтар үйге абонемент бөлімдерінде  беріледі. Соңғы немесе бір дана кітаптар қолға берілмейді, тек қана оқу залында ғана пайдалануға болады. Топ сабақтарында пайдалану үшін әдебиет абонементте оқытушының жазбаша талабы бойынша беріліп, топтың кезекші оқушысының қол қоюымен тіркеу журналына жазылады; Сондай-ақ, қолданушылар кітап алуға онлайн-өтінім бере алады.
2.2  Кітапхана қорынан кітаптарды және басқа да материалдарды алған кезде оқырман оларды мұқият қарап шығуы қажет, басылымның қандай да бір ақауы бар екенін байқаса, кітапханашыға көрсетуі қажет, болмаса басылымның ақауы үшін жауапкершілік соңғы пайдаланған оқырманға жүктеледі.
2.3  Энциклопедиялар, анықтамалықтар, диссертациялар тек оқу залдарында ғана пайдалануға беріледі.
2.4  Керек әдебиет абонементте болмай қалған жағдайда, оны кітапхананың http://library.arsu.kz/  сайтының басты бетіндегі «Электрондық  кітапхана» және Web ИРБИС «Электрондық католог» бөлімдерінен тауып алуға болады.
2.5 Оқу залынан кітап шығаруға тыйым салынады. Осы қағиданы бұзған жағдайда оқырмандар кітапхана әкімшілігі белгілеген мерзімге кітапхананы пайдалану құқығынан айырылады;
2.6 Электрондық залда Интернет желісінің ресурстарына,  дерек қорларға және өзіміз қалыптастырған  электрондық-ақпараттық ресурстарға қол жеткізу мүмкіндігі ұсынылады;

3. Оқырмандардың құқығы мен міндеттері

  • Қ.Жұбанов атындағы АӨУ студенттері, магистранттары, докторанттары, профессорлық-оқытушылар кұрамы және қызметкерлері кітапханалық ақпараттық қызмет түрлерін тегін алуға құқылы;
  • Ақпарат көздерін іздестіру мен таңдауда маман кеңесін алуға құқылы;
  • Электрондық ақпарат және кітапханалық ақпарат берудің басқа да түрлері арқылы кітапхана қорларының құрамы туралы толық ақпарат алуға құқылы.

3.1 Оқырмандар міндетті:

  • Кітаптарға, баспа туындыларына, басқа да материалдарға және кітапхана мүлкіне ұқыппен қарауға;
  • Кітапханадан алынған басылымдарды белгіленген мерзімде қайтаруға.
  • Кітапхана кітабын жоғалтқан немесе кітапты жыртып алған жағдайда келтірген залалын дәл сондай кітап әкеліп беру арқылы, кітапхана жоғалған басылымға сәйкес деп санайтын басылымды әкеліп беруге МІНДЕТТІ.

 3.2 Оқырмандарға рұқсат етілмейді:

  • Кітапханаға сырт киіммен кіруге;
  • Тыныштық пен тәртіп бұзуға;
  • Кітапханадан өзі қол қоймаған кітапты алып шығуға;
  • Кітапхана басылымдарын бүлдіруге (оған белгі салу, сызу, парақтарын жырту);
  • Картотекалар мен каталогтардан карточка шығаруға;
  • Қызмет бөлмелері мен кітап қоймасына рұқсатсыз кіруге;
  • Оқу орнынан кетерде оқырмандар өзіне жазылған басылымдарды және оқырман билетін кітапханаға тапсырып, кету қағазына тиісті белгілерді алуы тиіс;

 4. «Кітапхананы пайдалану ережелерін» бұзған жағдайда оқырмандар кітапхананы пайдалану құқығынан айырылады:

  • Үйге алған кітаптардың тапсыру мерзімін бұзған немесе уақытылы мерзімін ұзартпаған үшін – 3 айға;
  • Кітапханашының рұқсатынсыз оқырман залынан кітап алып шыққаны үшін – 6 айға;
  • «Кітапхананы пайдалану ережелерін» бірнеше рет бұзғаны үшін – 1 жылға;
  • Басылымдарды әдейі бүлдіргені үшін кітапхананы пайдалану құқығынан мүлдем айырылады.

4.1 «Кітапхананы пайдалану ережелерін» өрескел бұзушы оқырмандар туралы мәліметтер деканаттар мен ректоратқа беріледі.



Құрметті оқырман!
Кітапхана қорымен танысу үшін біздің Электронды каталогқа өтіп, кез келген кілттік сөзді еңгізсеңіз болады, ал кітаптарды онлайн түрде оқу үшін Электронды кітапханамызға өтіңіз.

Кітапханамыздың бай қоры сіздің игілігіңіз үшін ашық!Кітапхана қызметіне байланысты сұрақтарыңыз немесе ұсыныстарыңыз болса library-arsu@zhubanov.edu.kz электронды поштасына хат жолдасаңыз болады.

Біздің InstagramFacebook парақшаларына тіркеліп, кітапханамыздың жаңалықтары мен хабарламаларын бірінші болып танысу мүмкіндігін қалт жібермеңіз.