Ақпараттық-библиографиялық үрдістерді автоматтандыру бөлімі
Ақпараттық-библиографиялық үрдістерді автоматтандыру бөлімі кітапхананың электрондық қорына қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін және Қ. Жұбанов атындағы АӨУ-ң студенттеріне, магистранттарына, оқытушыларына, қызметкерлеріне анықтама-библиографиялық, ақпараттық қызмет көрсетуге арналған.
- Кітапханалық үдерісте ақпараттық компьютерлік технологияларды енгізу және пайдалану;
- Кітапхананы пайдаланушыларға толық мәтінде ресурстарды қамтамасыз ететін веб-сайтты дамыту және қолдау;
- Өзекті электронды ресурстар құру;
- Семинар тәртібінде шаралар өткізу;
- Ақпаратты электрондық тасымалдауышқа жазу/көшіру;
- Пайдаланушылардың ақпараттық сауаттылығын арттыру бойынша кеңес беру;
- Оқырмандарға дәстүрлі және заманауи ақпараттық технологияларды (Интернет ресурстарын қоса есептегенде) пайдалана отырып анықтама-библиографиялық және ақпараттық қызмет көрсету;
- Анықтама-іздеу аппаратын (АІА) қалыптастыру және жүргізу – каталогтар мен картотекалар;
- “Мақалалар” МҚ;
- Оқырмандардың және мамандардың ғылыми және оқу ісіне көмек ретінде ұсынылатын әдебиеттер тізімі мен ғылыми-қосалқы көрсеткіштер құрастыру.
Ақпараттық-библиографиялық үрдістерді
автоматтандыру бөлімінің меңгерушісі:
Шадманова Гүлнар Құспанқызы