Кітапхана қоры туралы


Ғылыми кітапхана


Университеттің ғылыми кітапхана қорының қалыптасу тарихы 1966 жылдан, яғни педагогикалық институттың құрылған уақытынан басталады. Қазіргі уақытта кітапхана қоры 1 034 218  дана кітаптан тұрады. Кітапхана қоры университеттің көптеген салаларының талаптарына сәйкес келеді. Жаратылыстану,техникалық  ғылымдар, гуманитарлық және қоғамдық-саяси, экономика және құқықтану, сондай-ақ көркем әдебиеттер бар. Білім салаларына сәйкес оқулықтардың анықтамалық, ғылыми басылымдар түрлері ұсынылған. Біздің қор көптілді білім берудің бағытына сәйкес келеді. Мемлекеттік білім беру бағдарламасына бағытталған негізгі тілдерден басқа, бізде қытай, француз, неміс, болгар және басқа да тілдерде кітаптар бар. Кітапхана қоры «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Жұбанов кітапханасы» сериясымен шыққан оқытушыларымыздың еңбектерімен  толықтырылды. Кітапхана қоры оқырмандарға қызмет көрсету жұмысын жақсарту мақсатында мамандықтар бойынша 5 оқу ғимаратында орналасқан.
Пәндерді тереңірек меңгеру үшін әрбір оқу ғимаратының мамандықтарына сәйкес келетін мерзімді басылымдар қоры бар.



Құрметті оқырман!
Кітапхана қорымен танысу үшін біздің Электронды каталогқа өтіп, кез келген кілттік сөзді еңгізсеңіз болады, ал кітаптарды онлайн түрде оқу үшін Электронды кітапханамызға өтіңіз.

Кітапханамыздың бай қоры сіздің игілігіңіз үшін ашық!Кітапхана қызметіне байланысты сұрақтарыңыз немесе ұсыныстарыңыз болса library-arsu@zhubanov.edu.kz   электронды поштасына хат жолдасаңыз болады.

Біздің InstagramFacebook парақшаларына тіркеліп, кітапханамыздың жаңалықтары мен хабарламаларын бірінші болып танысу мүмкіндігін қалт жібермеңіз.