Мерзімді басылымдар залы
Мерзімді басылымдар залы кітапхананың құрылымдық бөлігі болып табылады, оқырмандарға Қазақстан мен Ресейде шығарылатын мерзімді басылымдар – газеттерге, журналдарға кең қолжетімділікті ұсынады.
Мерзімді басылымдар залының басты міндеттері:
- оқырмандардың сұраныстарын зерттей отырып, мерзімді басылымдар қорын толық құру, есепке алу, жүйеге келтіру және сақтау;
- мерзімді басылымдар қоры арқылы оқырмандардың ақпараттық сұраныстарының сапалы орындалуын қамтамасыз ету;
- қызмет көрсетудің сапасы және жылдамдығы;
- мерзімді басылымдарды жарнамалау.