Алсаитова Р.К. Сүгір күйлерінің ізбасарлары орындауындағы ерекшеліктері. Монография. – Алматы: CyberSmith, 2019.- 236 б.
Монографияда XIX ғ. соңы – XX ғ. ортасында өмір сүрген дарынды күйші Сүгір Әлиұлы (1875-1961) күйлерін ізбасарларының орындауында мәңгі өшпес қазынаға айналып, қазақ музыка өнерінде алатын орны сипатталады. Сугір күйлерін орындаушы ізбасарлары күйдің рухани құндылық, өнертанудағы мұра екенін көрсетті, ал ғылыми тұрғыда іздену жұмысы музыка өнерінде зерттелмеген тын мәселе болып отырғаны белгілі. Шертпе өнерінің ежелгі сарыны ұлтымыздың санасынан өшпес үшін тер төгіп, күйдің мың толғауын біздің қолымызға аманаттаған Сүгір сияқты композитордың шығармалары ізбасарларының орыңдауында зерттеле қойған жоқ.
Шертпе күйдің табиғатын танудың бір амалы – аймақтық мектептерін анықтау деп түсінсек, Сүгір негізін салған Қаратау мектебіне енген композитордың ізбасарларының шығармашылығы осы жұмыста айқындалған.