Қоршаған орта туралы ілім

Г.Ө. Байташева. Қоршаған орта туралы ілім (3-ші басылым): оқу құралы. – Қарағанды. – 2019. – 148 б.

Оқу құралы жер бетінде тіршіліктің пайда болған күнінен бастап қазіргі таңдағы жағдайына, табиғи ортаның антропогендік өзгеруі мен экологиялық факторлардың тірі организмдерге әсеріне, сондай-ақ, табиғат пен қоғам арасындағы әлеуметтік экологиялық проблемаларға сипаттама береді. Қоршаған орта туралы ілім беретін курсы студенттердің экологиялық ой-санасы мен мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.
Жоғары оқу орындарының экология мамандығы студенттері мен ізденушілеріне және осы пән бойынша дәріс беретін оқытушыларға арналған. Оқу құралы мамандық бойынша – 050608-Экология, МЖББС-2006 сәйкес келеді.