Ғ.С. Шубаева. Невропатология негіздері: оқу құралы (2-ші басылым) – Қарағанды, 2019. -208 б.
Оқу құралында балаларда кездесетін жүйке жүйесі ауруларының клиникалық белгілері, олардың ерекшеліктері мен салдары қарастырылған. Соның ішінде жеке-жеке тарауларда жүйке жүйесінің даму кемістіктері, жарақаттық және қантамырлық бұзылыстары, жүйке жүйесінің тұқым қуалайтын аурулардағы, инфекциялық аурулардағы және эндокриндік аурулардағы зақымдануы сипатталған, эпилепсия, невроз сияқты күрделі аурулар жайлы жазылған. Әр тақырыптан кейін студенттердің өз бетінше білімін тексеруге арналған дайындық сұрақтары мен тест тапсырмалары келтірілген. Соңында суреттер мен әдебиет тізімі берілген.