Тұранқұлова Д.
Көркемсөз оқу шеберлігі: Оқу құралы. 2 – басылым / Д. Тұранқұлова – Алматы: “Лантар books” ЖШС, 2022 – 238 бет
Ұлттық театр өнерін дамытуға ұстаздық еңбегімен мол үлес қосып келе жатқан профессор Д.Тұранқұлова бұл еңбегінде сахнада көркемсөз оқу өнерінің қыр-сырына кеңінен тоқталады.
Оқу құралы театр өнеріне баулитын жоғары, орта оқу орындарының шәкірттеріне, мектеп мұғалімдеріне, сондай-ақ теледидар, радио дикторларына, журналистерге, хабар жүргізушілерге, өнерге ынтық көпшілік оқырманға арналған.