ҚҰДАЙБЕРГЕН ҚУАНҰЛЫ ЖҰБАНОВ

ҚҰДАЙБЕРГЕН ҚУАНҰЛЫ ЖҰБАНОВ
19.12.1899 – 25.02.1938

Жорға немесе желден жүйрік тұлпарды
алғашқы аяқ алысынан-ақ тануға болса, сол
секілді Құдайберген Жұбановтың да бірінші
қадамдары оның кім екенін, қоғам үшін
маңызын білдіретін еді.

Мұхтар Әуезов

Құдайберген Қуанұлы Жұбанов – қазақтың тұңғыш филолог-ғалымы, қоғам және мемлекет қайраткерi, алғашқы қазақ Академиясын – КСРО ғылым Академиясының филиалын ұйымдастырушылардың бiрi, Қазақ тiл бiлiмiнің ғылыми негiзiн және Қазақстандық кәсiби ғылымның негiзiн қалаған.

Құдайберген Қуанұлы Жұбанов 1899 жылы 19 желтоқсанда Ақтөбе облысының Темiр-Орқаш болысына қарасты Ақжар деген жерде (қазiргi Мұғалжар ауданы) Ақтөбе облысы дүниеге келген.
Ленинградтағы Енукидзе атындағы Tipi Шығыс институтын 1928 жылы аяқтап, ал, 1929-1932 жылдары сол институттың аспирантурасында оқып, бiр жылдан кейiн сол жерден КСРО ғылым Академиясы жанындағы Тiл және ойлау Институтының аспирантурасына ауысады. 1932 жылы аспирантурадағы оқуын «Tүpкi тiлдерi» және «Жалпы тiлi бiлiмi» мамандықтары бойынша аяқтайды.
Өзiнің қысқа ғaнa өмiрiнде Құдайберген Қуанұлы Жұбанов парсы, араб, нeмic, түpiк, моңғол, грузин, чуваш, коми, орыс және көптеген түpкi тiлдерiн өте жақсы бiлген. Кейiнiрек ол қытай тiлiндегi ғылымның кiлттерi жасырылып, жапон тiлiне аударылған дерек кездерiн оқу үшін жапон тiлiн үйрене бастап, алдағы уақытта қытай тiлiн оқуға мақсат қояды, алайда бұл жоспарлары жүзеге аспай қалады.
Бала кезінен нағашы атасы Тағыберген Жамашұлымен бірге «Алаш» көшбасшыларының жиналысына қатысқан Құдайберген Жұбанов олардың идеяларын терең түсініп, кейінірек өзі де «Қазақ», «Алаш», «Көсем» газеттері мен «Қызғалдақ» журналына Шектi және Қараша бала деген бүркеншiк атпен мақалаларын жариялады. Ал сол кездегi жас қазақ зиялыларының жастар қолжазба журналы шығуының алғашқы бастамашысы болды. Мәселен, Електе «Тез», содан кейiн Teмip қаласында «Ай» журналдарын басқарды.
Еңбек жолын Құдайберген Жұбанов 1918 жылы лауазымын болыстың Совдепiнің хатшысы бастап, одан кейiн бiрте-бiрте бiлiм және ғылым саласына ауысады.
Еңбек жолымен қатар Құдайберген Жұбанов ғылыми-зерттеу жұмыстарымен де айналыса жүріп, үлкен қызығyшылықпен тiлдердi үйренедi, сонымен бiрге психология, педагогика, логика мен рефлексология жөнiнде жазған еңбектерiн қызығып оқиды.
Аспирантураны аяқтап, 1932 жылдан бастап 1937 жылдың тұтқынға алынған қараша айына дейiн Қазақ педагогикалық институтында профессор болады және ғылыми, педагогикалық, мемлекеттік және қоғами қызметтермен қатар Қазақ тiлi және әдебиетi кафедрасының меңгерушiсi қызметiн атқарады.

1933-1937 жылдар аралығында коллегия мүшесi, әдiстеме, бағдарлама және оқулықтар секторының меңгерушiсi, қазақ КСР Халық aғapту комиссариатының терағасы, сонымен бiрге Қазақ КСР мемлекеттiк терминологиялық комиссиясының төрағасы және «Мемтерминком Бюллетенiнің» бас редакторы қызметтерін атқарған.
1936-1937 жылдары лингвистикалық сектордың меңгерушiсi, Ғылыми Кеңестiң мүшесi, КСРО Ғылым Академиясының Қазақ филиалы Президиумының мүшесi, сонымен бiрге «Қазақ тiлiнің Академиялық сөздiгiнің» бас редакторы болады.
1935 жылдан бастап 1937 жылға дейiн Қазақстан ұлттық мәдениет институтындағы Ғылыми Кеңес мүшесi және Жаңа әлiпби (латынша) бойынша Жалпыкеңестiк Орталық Комитеттiң мүшесi болады.
1935 жылы Қазақстан Орталық атқару комитетiнің мүшелiriне сайланып, ХVI Кеңестердiң Жалпы-Ресейлiк съезiне делегат болады, “Қазақстанның 15 Жылдығы” атты құpмeтті белгiмен наградталады.
1937 жылдың 19 қарашасында «халық жауы» деген жаламен тұтқындалып, 1938 жылдың 25 ақпанында – Қазақстанның белгiлi мемлекеттiк және қоғам қайраткерлерiн жаппай атудың ең бiрiншi күнi-ақ атылған.
1957 жылдың қазанының 3 күнi еш қылмысы болмағандықтан ақталған.
 

 ҚҰДАЙБЕРГЕН ЖҰБАНОВТЫҢ ҒЫЛЫМИ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫ МЕН МҰPACЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЕҢБЕКТЕРI БОЙЫНША ЖАРИЯЛАНЫМДАР

 Қ.Қ.Жұбановтың ғылыми мұpacы теориялық және практикалық көлемдi мәселелердi қамтиды, олардың көпшiлiгi әлi де болса Қазақстан ғылымы алдында шешiмiн күтiп тұр. Қазақ тiл бiлiмiнің тарихында қазақ тiлi, әдебиеттану, педагогика бойынша оны алғашқы монографиялық еңбектердiң авторы ретiнде мойындайды. Құдайберген Жұбанов еңбектерi үшін түpкi тiлдерiнің мәселесiнде зерттеудің салыстырмалы тарихи әдісі тән.
Құдайберген Жұбанов – қазақ орта мектептерiнің 5-7-кластарына арнап жазылған алғашқы оқулықтардың бiрi, Қазақ тiлi грамматикасын кеңес академик-түркологы С.Е.Маловтың бағалауынша, сол кездегi латын әлiпбиiне негiзделген қазақ әлiппесiнің үздiк жобасының, сонымен қатар Қазақ тiл бiлiмi мен Қазақ мәдениетiн дамыту мәселелерi бойынша көптеген практикалық әзiрлемелердiң авторы болды.
Құдайберген Жұбановтың ғылыми идеялары қазiргi ұрпақтың қазақ тілі, әдебиет, философия, педагогика және психология жөнiндегi зерттеу iстерiне, ондаған ғылыми монографияларға, кандидаттық, магистрлiк және докторлық диссертациялық зерттеулерге, сондай-ақ ғылыми мақалалар мен баяндамаларға, гуманитарлық мамандықтардың арнаулы курстарына, сонымен бірге «Жұбанов тағлымы» ғылыми конференциясына негіз болды.

ПРОФЕССОР Қ¥ДАЙБЕРГЕН ҚУАНҰЛЫ ЖҰБАНОВ
ӨМІРІНІҢ НЕГІЗГІ КЕЗЕҢДЕРІ

 Ақтөбе губерниясы, Темір уезі (қазіргі Мұғаджар ауданы) 9-ші.і ауыл, Ақжар деген жерде 1899 жылы желтоқсанның 19 күні дүниеге келген.
Бастапқы білімін сол маңдағы Оспан ишанның мешітінде 3-4 жыл оқып, келесі бірнеше жыл жергілікті ауыл мектебінде өтеді. 1914-1916 жылдары Орынбор қаласындағы «Хұсайния» медресесінде оқуын жалғастырады, 1916-1917 жылдарда Жұрынның 2 кластық орыс мектебінің бірден 4-5 класына түсіп, оны үздік аяқтайды. Ал 1917-1918 жылдары Күйік қаладағы (Елек) екі кластық орыс училищесінің соңғы курсына қабылданып, орысша білімін жалғастырады.
1928 жылы Ленинградтың Шығыс тілдері институтын (экстерн ретінде) бітіріп, жоғары білімге ие болады.
1929-1932 жылдары Ленинградта аспирантурада оқиды:
– 02.1929-09.1930 (1,5 жыл) Шығыс тілдері институтында түрік тілдері мамандығы бойынша;
– 10.1930-09.1932 (2 жыл) СССР Ғылым академиясында (жалпы тіл білімі бойынша).
Анкетада өзінің көрсетуі бойынша, мына тілдерді білген: неміс, араб, парсы, түрік, моңғол, чуваш, коми, грузин, түркі тілдері.

Қызметі жөнінде мәлімет:

  1. 1918-04.1920 жж. Темір аудандық Құлжа-Темір болыстығы – әуелі хатшысы, кейін – председатель;
  2. 1920-1922 жж. Темір аудандық бақылау комитеті баскармасы;
  3. 1922-1923 жж. Темір аудандық атқару комитеті (РИК мүшесі);
  4. 1923-09.1925 жж. Темір уездік оқу бөлімінде – инспектор;
  5. 1923-09.1925 жж. Ақтөбе губерниялық оқу бөлімінде – нұсқаушы-методист;
  6. 1928 ж. Қазақ Мемлекеттік университеті (бастапқыда осылай аталып, кейін ҚазПИ болған) – салыстырмалы түрік тілдері кафедрасында ғылыми кызметкер;
  7. 09.1932-20.11.1937 жж. Қазак педагогикалык институты (ҚазПИ) – казак тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі. Алматы қ.;
  8. 1933-20.11.1937 жж. Халық Ағарту Комиссариаты – Коллегия мүшесі, программа, оқулықтар бөлімінің меңгерушісі, Мемлекеттік терминология комиссиясының председателі, Мемлекеттік терминком Бюллетенінің бас редакторы;
  9. 1936-20.11.1937 жж. СССР Ғылым академиясының қазақстандық филиалы – лингвистика секторының меңгерушісі, Қазақ тілінің академиялық сөздігінің бас редакторы, Қазақ филиалының Ғылыми советінің және Президиум мүшесі;
  10. 1935-1936 жж. Қазақстандық ұлт мәдениетін ғылыми-зерттеу институтының Fылыми кеңесінің мүшесі;
  11. 1935-1937 жж. Бүкілодактық жаңа әліп Орталық комитетінің қазақстандық мүшесі;
  12. Сайланған:
    • 1922 ж. Темір аудандық атқару комитетіне (РИК);
    • 1935 ж. ҚазОАК мүшелігіне;
    • 1935 ж. XVI Бүкілресейлік Советтер съезіне делегат;
  13. 1935 ж. «Қазақстанның 15 жылдығы» Қүрмет белгісімен наградталган;
  14. 1937 жылы қарашаның 19-күні «халық жауы» деген жаламен ұсталып кетті (қамауға алынды).
  15. 1938 жылы ақпанның 25-күні «тройканың» үкімімен атылып кетті.
  16. 1957 жылы қазан айының 3-күні азаматтық тұрғыдан ақталды.
  17. 1958 жылы акпанның 22-күні Коммунистік партияға мүшелігі қалпына келтірілді.