Балабеков Қ.Н., Жалғасбекова Ж.Қ. Есептеу физикасында MatLab программалау ортасын қолдану әдістері: Оқу құралы. Қ.Н.Балабеков, Ж.Қ.Жалғасбекова – Алматы: New book, 2021. – 298 бет.
Оқу құралында MatLab ортасының теориялық негізі мен күрделі математикалық дәлелдемесі терең келтіріліп, осы әдістердің математикалық аппаратын тәжірибелік есептеулерге қолдану жолы, математикалық тұрғыда модельдеу, компьютерде шығару алгоритмдері қабілетті оқырман өз бетінше оқып, түсіне алатындай етіп жазылған.
Оқу құралы жоғары оқу орындарының студенттеріне, сонымен қатар, нарық жүйесінде тиімді мәселелермен айналысатын қызметкерлерге, ғылыми зерттеулермен шұғылданатын докторанттарға, магистранттарға және өзінің білім деңгейін көтергісі келетін барлық білім алушыларға, өз еркімен оқып-үйренушілерге арналған.