Бакиров Ж.Б., Бакиров М.Ж. Механика: оқулық / Ж.Б. Бакиров, М.Ж. Бакиров. – Алматы: Альманах, 2016.-330 б.
Оқулық жүйелі түрде механикалық бағыттағы жалпы техникалық пәндердің негізін мазмұндауға арналған. Әдістемелік тізбекте статика, кинематика, динамика негіздері, механизмдерді құрылымдық, кинематикалық және күштік талдау, машина динамикасының негіздері келтірілген. Қарапайым деформациялар түрлері, кернеуленген күй теориясы, беріктік теориялары, сырықтардың орнықтылығы және ауыспалы кернеулерде беріктікке есептеу және жалпы пайдалануға арналған машина бөлшектерін есептеу мен жобалау негіздері қарастырылған.
Оқулық «Механика» пәнінің типтік және жұмыс оқу бағдарламаларына сәйкес келеді. Ол техникалық жоғарғы оқу орындарының студенттеріне «Механика», «Теориялық және қолданбалы механика», «Машинатанудың теориялық негіздері», «Қолданбалы механика» курстарынан оқулық ретінде пайдалануға ұсынылады.