Биотехнология

Қарабала-Ұлы О.Қ. Биотехнология: оқу құралы / О.Қ. Қарабала-Ұлы . – Алмагы: New book, 2021. -224 б.

Адамзат ғұмырының сапасын ұлғайту мақсатына байланысты жаңа диагностикалық және емдеу әдістерін, жаңа өнімдерді, оның ішінде тағамдық және техникалық мақсаттағы, экологиялық таза материалдар алу заманауи талаптар қатарына жатады. Биотехнология білім тұрғысынан қарқынды дамып бара жатқан ғылыми-өндіріс саласы ретінде, көптеген тұғырлы, заманауи мәселелерді шешуге қабілетті. Сондықтан, биотехнологиялық процестерді игеру және биотехнолог білікті мамандар дайындау ғылым мен білім саласында және дамыған елдер экономикасында маңызды орынға ие.

Оқулықта генетиканың өзекті тақырыптарына: менделизмге, тұқьм қуалауды материалдық, молекулярлық және хромосомалык негіздеріне, мутациялық теория, гендік, клеткалық инженерия және олардың жетістіктерін, өсімдіктердің тотипотенттік қасиетін қолданып биотехнология саласын дамытуға қысқаша теориялық шолу берілген.

Оқулықты құрастыру барысында Сібір федералды Университетінің қабырғасында Н. Войнов коллегаларымен «Биотехнологияның заманауи проблемалары және методтары» атаулы методикалық комплекстің материалдарына және Т. И. Дитченконың «Культура клеток, тканей и органов растений» атаулы лекциялар курсы материалдарына жүгініп, бірсыпыра лекция және лаборатория семинар сабақтарына сілтеме жасадық.

Оқу құралы университеттер мен педагогикалық, технологиялық және, ауылшаруашылығы жоғары оқу орындары студенттеріне, магистранттарына, сонымен қатар биология саласының мамандарына арнаймыз.