Бисембаева К.Т., Жолбасарова А.Т. Қабаттың мұнайбергіштігін көбейту техникасы мен технологиясы: оқу құралы. – Алматы: New book, 2021. – 116 б.
Оқу құралында кенорындарды игеру барысында төмендеумен сипатталатын қабаттың мұнайбергіштігін көбейту үшін жүргізілетін әдістер, олардың классификациясы және үрдістеріне талдаулар жасалған мұнайбергіштікті арттыру технологиялары мен техникалары келтірілген. Игеру сатыларының кезеңдеріне қарай қабаттың энергиясының сарқылуы мен оны мұнайбергіштікке байланыстылығы берілген. Қабаттың мұнайбергіштігін көбейту әдістерінің ұңғыға және қабатқа қатысты қолдану ерекшеліктері туралы, сонымен қатар оларға толық түсініктер берілген.
Оқу құралы мұнайгаз ісі мамандығы бойынша ЖОО-да барлық оқу деңгейінде білімалушыларға және колледждер студенттері, сонымен қатар мұнай өндірісінің инженерлі-техникалық қызметкерлері арасында қолдануға арналған.