Кужагулова Г.Е. Бастауыш сынып оқушыларының сабақтан тыс жұмыстар арқылы танымдық қызығушылығын қалыптастырудың өзекті мәселелері: Монография. – Алматы: New book, 2021. – 180 бет.
Бұл монографияда бастауыш сынып оқушыларының сабақтан тыс жұмыстар арқылы танымдық қызығушылығын қалыптастырудың өзекті мәселелері ғылыми тұрғыдан талданған. Сонымен қатар қазіргі техника жедел дамыған заманда бастауыш оқушыларының сабақтан тыс уақытында танымдық қызығушылығын қалыптастыру жұмыстарын басты жолға қоюдың ерекшеліктері баяндалған.
Монография жоғары оқу орындарының 6В01301 – Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі білім беру бағдарламасының студенттері мен 7М01301 — Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі білім беру бағдарламасының магистранттарына қолдануға болады.