А.С. Ысқақ. Қазақстандағы басқару органдарының қалыптасуы мен қызметі (1920-1936): монография. – Қарағанды: «АҚНҰР» баспасы. – 2017. – 210 б.
1920-1936 жж. Қазақстан автономиялы республика құқында Ресей Кеңестік Федерациялық Социалистік Республикасы құрамында болды. Қазақстанда жаңа үлгідегі кеңестік басқару жүйесі енгізілді. Монографияда осы жүйенің енгізілуімен кеңестік республикалық басқару органдарының қалыптасуы мен қызметі мәселелері қарастырылады. Орталық биліктің республикадағы өз құйтырқы саясатын осы басқару органдарының ықпалымен іс жүзіне асыруы архив құжаттары негізінде жан-жақты сарапталып талдауға алынады.
Монография ғылыми-көпшілік ортадағы оқырмандарға, студенттерге арналған.