Д.Ж. Кемелхан, Ү.Ш. Ахбанбетова, Е.Қ. Сәлім. Қазақ әдебиеті: оқу құралы. – Қарағанды: «АҚНҰР» баспасы, 2019. -278 б.
Оқу құралы техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындарына және медицина колледждерінің барлық мамандықтарының қазақ бөлімінің білім алушыларына арналған. Бұл құрал қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдерінің шығармаларымен, өмірбаяндарымен толықтырып, әр тақырыпқа сай тест жұмыстары мен тапсырмаларын қамтиды.
«Қазақ әдебиеті» – білім алушылардың бойына туған жерге, елге, ана тіліне деген шексіз кұрмет сезімін дарыту, интеллектуалдық әлеуеті жоғары дара тұлға қалыптастырып, танымдық қызметін ынталандыратын, өзектендіретін ұстанымдарға негізделіп, менгеретін тұлға қалыптастыруды көздейді.