Турманова Ж.Е. «Критериалды бағалау және оқушы білімін қадағалау»: оқу құралы. – Алматы: «LP-Zhasulan» ЖК, 2019. – 66 б.
«Критериалды бағалау және оқушы білімін қадағалау» оқу құралында педагогикалық және психологиялық кеңестер ұсынылады. Әсіресе, ата-аналарға критериалды бағалау жүйесі бойынша білімдер және критериалды бағалаудың артықшылықтарын түсіндіре отырып, балалардың оқу жетістіктерін бақылау мен қадағалаудың жолдары түсіндіріледі. Сондай-ақ балаларда кездесетін психологиялық киындықтар мен кедергілерді жою және алдын алуды ұйымдастыруда кеңестер беріледі.
Оқу құралы ата-аналарға, мектепке дейінгі балалар тәрбиеші-әдіскерлерге, бастауыш сынып жетекшілеріне, пән мұғалімдеріне, педагог-психологтарға, педагогикалық бағыттағы мамандар мен студенттерге арналады.