Ж.А. Рүстемова. Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі: Оқу құралы. – Қарағанды: «АҚНҰР» баспасы, 2019.-164 б.
«Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі» оқу құралында мектепте әдебиет пәнін оқытудың теориясы мен әдіс-тәсілдері жүйелі баяндалады. Оқу құралы типтік оқу бағдарламасына сай жазылған. Оқу құралында әдебиетті оқыту әдістемесі жаңартылған білім мазмұнымен ұштастырыла сөз болады. Кітапта әр жанрдағы көркем туындыларды оқытудың үлгілері ұсынылады.
«Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі» жоғары және орта оқу орындары студенттері мен мектеп мұғалімдеріне арналған.
«Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі» оқу құралы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес дайындалған типтік оқу бағдарламасы бойынша «Қазақ тілі мен әдебиеті», «Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті» мамандықтарында білім алатын студенттері үшін жазылды.