К.И. Батырова және Майматаева А.Д., Кайнарбаева А.Д. Омыртқасыздар зоологиясынан дала практикасы: Оқу құралы. «LP-Zhasulan» ЖК. Алматы, 2019. – 138 б.
Практика студенттерде кәсіби дағдылар және оларды ары қарай кәсіби әрекетінде қолданыла білуді меңгеруде, үздіксіздік пен бірізділік қағидалары сақтау мақсатында жүргізіледі.
Студенттердің оқу-дала практикасы «Биология» бағытында оқитын жаратылыстану және техникалық ғылымдар Институтында бакалавр мамандарды дайындау жүйесінде маңызды компоненті болып табылады.
Зоология бойынша дала практикасы теориялық білімді бекітуге бағытталған. Ол биолог-студенттерге табиғатқа бакылау жасау дағдысын игеруге, зоология бойынша далалық ғылыми-зерттеу әдістерін меңгеру үшін қажет.
Зоология бойынша оқу-дала практикасы биологтар мен биология бакалаврларын дайындаудың маңызды бөлімі болып табылады.