Алғашқы қауымдық қоғам тарихы

Ишкалова Г.И., Искакова Г.М. Алғашқы қауымдық қоғам тарихы: оқу құралы. Қарағанды: «АҚНҰР» баспасы», 2018. – 136 б.

Оқу құралында алғашқы қауымдық қоғамның қалыптасуы, дамуы және ыдырауы, адамның пайда болуы мәселелері қарастырылған. Ұсынылып отырған оқу құралы «Алғашқы қауымдық қоғам тарихы» пәні бойынша оқу бағдарламасына сәйкес құрастырылған.

Аталған оқу құралы жоғарғы оқу орындары мен мектеп ұстаздарына, «Тарих» мамандығы магистранттарына, студенттеріне және тарихқа қызығушы оқырмандарға арналған.