Балабеков Е. Қазақтың музыкалық фольклоры: болмысы, өзіндік ерекшелігі, тәрбиелік мазмұны мен заманауи өміршендігі: оқу құралы. 3-ші басылым / Е.О. Балабеков. – Алматы: CyberSmith, 2021. – 152 б.
Ұсынылып отырған кітапта қазақтың музыкалық фольклоры ұлттық рухани мәдениеттің құрамдас бөлігі ретінде қарастырылып, оның халықтық шығармашылық, мәдени – тынығу шараларында қолданылуы зерттелген музыкалық – фольклордың, жанрлық сипатына талдау жасалынған. Музыкалық фольклорды жинақтап, насихаттаудың тиімді құралдарының бірі -музыкалық фольклорлық ұжымдардың болмысы, сан алуан түрі мен оның ұлттық музыканың дамуындағы алатын орны айшықталған.
Оқу құралы мәдениет пен өнер саласындағы жоғары оқу орындарының оқытушылары мен студенттеріне, музыкалық фольклорлық ұжымдардың жетекшілеріне, халықтық педагогика, көркем шығармашылық, фольклористика саласын зерттеуші ғалымдарға арналған.
Оқу құралы жоғары оқу орындарына арналған оқулықтар мен оқу -әдістемелік кешендерді әзірлеу, басып-шығару және оларды мемлекеттік тілге аудару бойынша республикалық конкурстың жеңімпазы.