«ОҚИТЫН УНИВЕРСИТЕТ, ОҚИТЫН ҰЛТ»
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінде берген тапсырмасына сәйкес, БҒМ «Оқуға құштар мектеп» жобасына қолдау көрсету мақсатында, Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті ғылыми кітапханасында 14 -18 ақпан аралығында «Оқитын университет, оқитын ұлт» жобасы аясында мектеп оқушыларының қатысуымен шаралар өтті.
Жоспар бойынша өткізілген шаралар:
- Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына арналған «Алаш Орда интеллегенциялары» – «Ахмет – сөз көсемі» тақырыбындағы әдеби кеш
- «Балалар әдебиетінің кейіпкерлері» библиоперфоманс
- «Өнерлі де өрелі – Жұбановтар әулеті» библиокафе
- «М.Әуезов – көркем сөз шебері» оқырмандар бенефисі
- «Интернет кітапты алмастыра ала ма?» пікір-сайыс турнирі
«Оқитын университет, оқитын ұлт» жобасының мақсаты кітап оқуға кең көлемде оқырман тарту, кітап оқу мәдениетін қалыптастыру және зияткерлік өзара пікір алмасуды дамыту, Қазақстан тарихына, мәдениетіне, дәстүрлері, тілі мен тұрмысына деген қызығушылықтарын арттыру.
«Оқитын университет, оқитын ұлт» жобасына университетіміздің студенттері мен кітапхана оқырмандары белсене қатысты. Шараның жоғары деңгейде өтуіне өз үлестерін қосқаны үшін, студенттерге алғыс білдіреміз.
\
Құрметті оқырман!
Біздің Instagram, Facebook парақшаларына тіркеліп, кітапханамыздың жаңалықтары мен хабарламаларын бірінші болып танысу мүмкіндігін қалт жібермеңіз.