Балабеков Е.О. Казахский музыкальный фольклор: Особенности, основные функции и воспитательные возможности. – Алматы: CyberSmith, 2021. – 160 б.
Кітапта музыкалық фольклор ұлттық рухани мәдениеттің бір бөлігі ретінде қарастырылады. Қазақ музыкалық фольклорының еңбек, отбасы, тұрмыстық, демалыс, ойын және ойын-сауық орталарында болуы, оның түрі мен жанрлық ерекшеліктері мен қазіргі мәдени-тынығу жұмыстарында қолданылуы зерттеледі. Музыкалық фольклордың тәрбиелік мүмкіндіктерін жүзеге асыру құралы ретінде музыкалық фольклорлық ұжымдардың қызметі де талданады.
Жұмыс мәдениет және өнер жоғары оқу орындарының оқытушылары мен студенттеріне, халық музыкалық ұжымдарының жетекшілеріне арналған және оны халық педагогикасы, көркем шығармашылық, фольклортану ғылымдарымен айналысатын зерттеушілер де пайдалана алады.