Жауыт Ә., Алипбаев Қ.А. Аралас роботтандырылған платформалар: оқу құралы. – Алматы. CyberSmith, 2021. – 176 б.
Оқу құралында аралас роботтандырылған платформалар мен бастапқы кинематикалық тізбектің синтезі мен динамикасын зерттеудің әдістері және оларды нақты шешу тәсілдері келтірілген. Бірінші бөлімде жалпы аралас роботтандырылған платформалардың қолдану аймағы көрсетілген. Екінші бөлімде платформалардың жұмыс атқару негіздері талданып қарастырылған. Үшінші бөлімде аралас роботтандырылған платформалардың механизмдерін бастапқы кинематикалық тізбектер мен олардың модификацияларын қолдану арқылы синтездеу әдістері келтірілген. Төртінші бөлім аралас роботтандырылған платформалардың кинематикалық анализіне арналған. Бесінші бөлімде аралас роботтандырылған платформалардың және оның серпімді базасының динамикасы зерттелген. Алтыншы бөлім аралас роботтандырылған платформалардың кернеулік-диформациялық күйін зерттеуге арналып, тербелмелі механизмнің әрбір буынын орнықтылыққа, беріктікке, қатаңдыққа зерттеудің инженерлік жобалау жолдары қарастырылған.
Оқу құралы робототехника негіздері мен ғарыштық техника саласын зерттеуші мамандар мен инженерлеріне және студенттеріне, магистранттарына, докторанттарына арналған.