Қазақстан білім зерттеушілерінің әдеп кодексі. Бірінші басылым. Нұр-Сұлтан: Білім беру саласындағы зерттеушілердің қазақстандық қоғамы, 2020. 68 б.
Білім зерттеушілерінің әдеп кодексін Білім беру саласындағы зерттеушілердің қазақстандық қоғамы Назарбаев Университеті Жоғары білім беру мектебімен әріптестікте әзірледі. Зерттеу әдебі зерттеу адалдығын сақтау жүйесінің негізгі бөлігі болып табылады. Осыған орай Кодекс білім саласы мысалында зерттеу әдебінің негізгі сипаттамаларын тұжырымдай отырып, республикада аталған жүйені құруға алғышарт туғызады. Білім зерттеушілері мен зерттеумен айналысатын ұйымдар Кодексті қабылдай отырып, өз зерттеулерінің әрбір кезеңін Қазақстан заңнамасы мен халықаралық стандарттарға сай жүргізуге машығады, зерттеуде әдептік (этикалық) тұрғыдан орынды саналатын ұстанымдар мен қағидалардың кеңінен таралуына септігін тигізетін болады.