Салхожаева Г.М. Санитарлық микробиология. Оқу құралы. – Алматы: CyberSmith, 2021. – 120 б.
Оқу құралы 5В070100-биотехнология 4 мамандығы бойынша жоғары кәсіптік білім берудің мемлекеттік білім беру стандартына сәйкес жазылған.
Оқу құралында санитарлық микробиология пәні мен міндеттері, топырақ, су және ауа микрофлорасы, жұқпалы аурулар қоздырғыштарына жалпы сипаттама, ет, сүт, балық және жұмыртқа өнімдерінің микробиологиясы, ет және сүт кәсіпорындарын зарарсыздандыру тәсілдері, сондай-ақ нан, жарма, макарон және кондитер өндірісінің микробиологиясы туралы жалпы мәліметтер қарастырылған.