Сарсембаева Н.Б. Ғылыми зерттеу әдістері: оқу құралы / Н.Б. Сарсембаева, А.Н. Буркетбаева, А.Б. Толымбекова, А.А. Асқар.- Алматы: CyberSmith, 2021.- 108 бет.
Бұл кітапта- жалпы ғылыми аясындағы қолданылатын әдістердің жиынтығы қарастырылған. Осыған қоса әрбір ғылым саласы тек қана арнаулы объектіге ғана емес, сол объектіге сәйкес арнаулы әдіске де ие болады. Ғылыми зертттеулердің құрылымы, кең мағынада ғылыми танымның тәсілі немесе ғылыми әдістің өзі болып табылады. Әдіс – бұл белгілі бір қорытындыға жетуге көмектесетін әрекеттердің жиынтығы. Сондай-ақ, әдіс адамдардың мүмкіндіктерін теңестіріп қоймай, олардың іс-әрекетін біркелкі жасап, ғылыми зерттеулердің ұқсас нәтижесін алуға ықпал етеді. Әрбір адамның ойлау қабілетінің деңгейі әртүрлі, сол себепті барлық адамдардың жетістікке жетуге деген мүмкіндіктерін теңестіру үшін белгілі бір құрал керек. Ғылыми зерттеу әдіс осындай құрал болып табылады.
Кітап ветеринария мамандығы бойынша оқитын жоғарғы орындары студенттеріне және ветеринариялық ендіріс орындары қызметкерлеріне арналған.