Алибеков Р.С., Евлаш В.В., Уразбаева К.А., Павлоцкая Л.Ф., Дуденко Н.В. Биохимия: – Оқулық. Алматы:CyberSmith, 2021. – 336 б.
Биохимия оқулығы 6В072 – «Өндірістік және өңдеу салалары» даярлау бағыты, В068 – «Азық-түлік өнімдерінің өндірісі» білім беру бағдарламаларының тобы бойынша «Биохимия» пәні бойынша жоғары кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптарына сәйкес құрастырылған.
Осы Биохимия оқулығында тірі организмдер ішінде жүретін биологиялық және химиялық процестердің және олармен тығыз байланысты химиялық қосылыстардың заманауи теориялары мен білімдері қарастырылады. Жасушаның жалпы түсініктері, химиялық құрамы, құрылысы, биологиялық рөлі, қасиеттері және басқа да сипаттамалары, макро- және микронутриенттер, биохимиялық түрлену кезінде олардың адам ағзасына физиологиялық рөлі егжей-тегжейлі талқыланады. Әр түрлі ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу және тамақ өнеркәсібі, өсімдік және жануарлар шикізатын қайта өңдеу, оларды сақтау және дайын өнімдерді бүлінуден қорғауды қамтамасыз ету процестерінде қолданылатын биохимиялық процестер мен әдістер қолжетімді етіп көрсетілген.