Нұғысова А. Орта мектепте математиканы оқытуда тарихи материалдарды пайдалану: оқу-әдістемелік құрал / Нұғысова А., Шатырбаева Г.Ж., Джамбулова Н. – Алматы: CyberSmith, 2021. – 220 б.
Орта мектепте математиканы оқытуда тарихи материалдарды пайдалану аса маңызды іс. Соған байланысты ұсынып отырған оқу-әдістемелік құралда орта мектепте математиканы оқытуда тарихи материалдарды пайдаланудың теориялық негіздері, Қазақстанда математика ғылымының қалыптасу және даму тарихы жан-жақты баяндалған. Орта мектепте математиканы оқытуда тарихи материалдарды пайдалану әдістемесі ұсынылған.
Оқу – әдістемелік құрал жоғары оқу орындарының физика-математика факультеттерінің студенттеріне, оқытушыларына, докторанттары мен магистранттарына, мектеп мұғалімдері мен білім беру мекемелерінің әдіскерлеріне арналған.