Нұғысова А., Алпысбаева Н.С. Бастауыш мектеп мұғалімдерін дидактикалық құралдар арқылы оқушылардың танымдық қызығушылығын дамытуға даярлау: оқу-әдістемелік құрал. – Алматы: CyberSmith, 2021. – 164 б.
Жоғары оқу орнында студенттерді, магистранттарды және докторанттарды – болашақ педагогтарды кәсіби даярлау жүйесінде бастауыш мектеп пәндерін оқытудың ғылыми негіздері мен әдістемесін меңгеру білігін қалыптастыру аса маңызды іс. Соған байланысты ұсынып отырған оқу – әдістемелік құралда жоғары оқу орнында бастауыш мектеп мұғалімдерін даярлаудың психологиялық-педагогикалық негіздері жан-жақты баяндалған. Онда жоғары оқу орнында бастауыш мектеп мұғалімдерін дидактикалық құралдар арқылы оқушылардың танымдық қызығушылығын дамытуға даярлау әдістемесі ұсынылған.
Оқу – әдістемелік құрал педагог даярлайтын жоғары оқу орындарының оқытушыларына, докторанттар мен магистранттарға, студенттерге, мектеп мұғалімдеріне арналған.