Нугусова А., Сләмжанова С.С. Жоғары мектепте математикалық пәндерді оқытуда болашақ мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру: оқу-әдістемелік құрал / Нугусова А., Сләмжанова С.С. – Алматы: CyberSmith, 2021. -212 б.
Жоғары оқу орындарында студенттерді, магистранттарды және докторанттарды – болашақ педагогтарды кәсіби даярлау жүйесінде олардың математикалық пәндерді оқытудың теориялық және әдіснамалық негіздерін меңгеру білігін қалыптастыру аса маңызды проблема. Соған байланысты ұсынылып отырған оқу – әдістемелік құралда жоғары оқу орнында математикалық пәндерді оқытудың әдіснамалық негіздері, математикалық пәндерді оқытуда болашақ мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін қалыптастырудың алғышарттары жан-жақты қарастырылған. Жоғары және орта мектеп математика курстарын сабақтастырып оқыту арқылы білімгерлердің кәсіби кұзыреттілігін қалыптастыру әдістемесі ұсынылған.
Оқу – әдістемелік құрал математика мұғалімін даярлайтын жоғары оқу орындарының оқытушыларына, докторанттар мен магистранттарға, студенттерге, мектеп мұғалімдеріне арналған.