Махамедова Б.Ж., Есенгазиева С.К., Мурсалимова Э.А., Шибикеева А.М., Салыкова А.С., Алдиярова А. Табиғат ресурстары және тұрақты даму: Жоғары оқу орнына арналған оқу құралы // Б.Ж. Махамедова, С.К. Есенгазиева, Э.А. Мурсалимова, Л.А., А.М. Шибикеева, А.С. Салыкова, А.М. Алдиярова: – Алматы: CyberSmith, 2021. – 288 б.
«Табиғат ресурстары және тұрақты даму» атты дайындалған оқу құралы қоршаған ортаны қорғау және Жер ресурстарын басқару саласында инновациялық білім теориясын ұсыну арқылы білімгердің жоғары оқу орындарындағы біліктілік деңгейі мен дағдыларын арттыру мақсатында интеграциялық білім беру теориялары жинақталды.
Еуропа және Орталық Азия жоғары оқу орындарының қоршаған ортаны қорғау және жер ресурстарын басқару саласындағы алатын артықшылықтарын өзара қолдау және білім беруде серіктестік негізінде табиғат ресурстарының экономикасы, жерге орналастыру мен кадастры, топырақтану және су ресурстарын басқару білімдер жүйесі интеграцияланды. «Табиғат ресурстары және тұрақты даму» атты дайындалған оқу құралы «Орталық азия университеттерінің қоршаған ортаны қорғау мен жер ресурстарын басқару саласындағы ауылшаруашылық саясаттағы құзіреттілігін арттыру» ЕСАР жобасы арқылы жасалды. Оқу құралы қоршаған ортаны қорғау және жер ресурстарын баскару саласындағы экологиялық әдістерін, білімі мен дағдыларын қалыптастыруға ықпал етеді.
Оқу құралы қолданыстағы жұмыс бағдарламасының талаптарына сәйкес жазылған және жоғары оқу орнының білімгерлеріне, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау және табиғатты ұтымды пайдалану мәселелерімен айналысатын зерттеуші- ғылыми қызметкерлерге арналған.