Нұғысова А. Жоғары оқу орындарында математикалық талдауды оқытудың дидактикалық негіздері: оқу-әдістемелік құрал / Нұғысова А., Сламжанова С.С., Тоқбаева Г.Л. – Алматы CyberSmith, 2021.-172 б.
Жоғары оқу орындарында студенттерді, магистранттарды және докторанттарды – болашақ педагог мамандарды кәсіби даярлау жүйесінде олардың математикалық пәндерді оқытудың теориялық негіздері мен әдістемесін меңгеру білігін қалыптастыру аса маңызды іс. Соған байланысты ұсынылып отырған оқу – әдістемелік құралда жоғары оқу орнында математикалық талдауды оқытудың дидактикалық негіздері жан-жақты баяндалған. Онда жоғары оқу орнында математикалық талдауды оқытудың теориялық негіздері және мазмұны мен әдістемесі ұсынылған.
Оқу – әдістемелік құрал математика мұғалімін даярлайтын жоғары оқу орындарының оқытушыларына, докторанттар мен магистранттарға, студенттерге, мектеп мұғалімдеріне арналған.