Тектіғұл Ж. Қазақ тілінің тарихи грамматикасы: оқу құралы / Ж. Тектіғұл.- Алматы: Эверо, 2020 – 320 б.
Ұсынылып отырған оқу құралы «Қазақ тілінің грамматикасы» пәнінің бағдарламасын басшылыққа ала отырып дайындалған. Мұнда берілетін теориялық материалдар мен практикалық тапсырмалар жүйесі ғылыми тұрғыдан сараланып, көне орта және қазіргі түркі тілдері деректері мен қазақ тілі материалдары негізінде салыстырыла қарастырылады.
Оқу құралы (өңделіп толықтырылған) жоғары оқу орындарының филология факультетінің студенттері мен оқытушыларына, тіл білімін зерттеушілерге арналған.