Г.М. Раева. Түркі тілдеріндегі дыбыс сәйкестіктері. Монография. – Алматы: ЖК «LP – Zhasulan», 2019. -154 б.
Бұл монографияда қазақ, түркі тілдеріндегі жуан түбірлердің жіңішке түбірге айналу құбылысы, дауысты және дауыссыз дыбыстардың архетипін анықтау мәселесі, тарихи варианттар мен фонетикалық варианттардың аражігін айқындау тарихи-салыстырмалы деректер негізінде дәйектеледі. Еңбек түркі тілдерін зерттеушілерге, жоғарғы оқу орындарының студенттері мен магистранттарына, сондай-ақ түркі тілдері тарихы қызықтыратын көпшілік қауымға арналған.