Сағынадин Г.С. Түркі халықтары фольклорындағы аңыздық проза (жанрлар және кейіпкерлер жүйесі). – Алматы: CyberSmith, 2019. – 188 б.
Монографияда түркі халықтары фольклорындағы аңыздық прозаның жанрлар және кейіпкерлер жүйесі қарастырылған. Зерттеу ісіндегі тарихи-типологиялық, тарихи-генетикалық талдау жұмыстары түркі халықтарының ертегілік емес проза жанрларын салыстыру арқылы жүзеге асқан. Ертегілік емес проза туындыларының идеялық-тақырыптық қыры, сюжеттік құрылымы, мифологиялық кейіпкерлер қатарындағы қайарман сипатының шығу тегі мен даму дәрежесі түркілік таным аспектісінде сараланған. Сондай-ақ басқа да әлем халықтарының фольклорымен салғастыру көріністері орын алған. Бұл ретте әрбір халықтың аңыздық прозасына сай ұлттық ерекшеліктің айқындалуы – оның фольклорлық дәстүрге қосқан үлес сипатын анықтауға ықпал еткен.