Исламова К.И. Оқыту процесінде оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастырудың теориялық-әдістемелік негіздері. Монография. – Ақтөбе, 2016 -176 б.
Ұсынып отырған монографияда оқыту процесінде оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастырудың теориялық – әдіснамалық негіздері, тұлғаның экологиялық мәдениетін қалыптастырудың философиялық аспектісі, психологиялық – педагогикалық әдебиеттердегі оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру мәселесінің зерттеліну ерекшеліктері, оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастырудағы пәнаралық байланыстың мүмкіндіктері, мазмұны қарастырылған. Сонымен бірге практикалық тұрғыдан «Оқыту процесінде пәнаралық байланыс негізінде оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру» атты пропедевтикалық элективтік курстың бағдарламасы дайындалған.
Монография жоғары оқу орындарының студентгеріне, магистранттарға, колледждер мен жалпы білім беретін орта мектептердің мұғалімдеріне және көпшілік оқырман қауымға арналып, ұсынылып отыр.