Сағынадин Г.С. Фольклорлық образ: таным және көркемдік. Оқу құралы. – Алматы: CyberSmith, 2019. – 164 б.
Бұл еңбекте қазақ фольклорының жанрлық түрлері зерттеу нысанына алынып, ондағы түлкі бейнесінің көркемдік сипаты, эстетикалық мәні, танымдық болмысы және де ғибраттық функциясы қарастырылады.
Әлемдік дәстүрде көрінетін түлкі бейнесінің сипаты сараланып, қазақ халық әдебиетіне тән фольклорлық образ ретіндегі ерекшеліктері талданады.
Оқу құралы жоғары оқу орындарының филология факультеті студенттеріне, магистранттарына, әлем және қазақ фольклорына қызығушылық танытқан көпшілікке арналады.