Демесінов Т.Ж., Конуспаев Ғ.Қ. Бәсекеге қабілеттілік: теориясы және тәжірибесі: Оқу құралы. – Алматы: CyberSmith, 2019. -268 б.
Оқу құралында қазіргі заман экономикасының басты мақсаттарының біріне жататын бәсекеге қабілеттіліктің теориялық негіздері, әдіснамалары мен тәжірибесі, коммерциялық банктер мен шаруашылық субъектілеріндегі бәсекеге қабілеттілікті қамтамасыз ету барысында туындауы мүмкін проблемалары терең де жан-жақты қарастырылған. Қазақстан Республикасы екінші деңгейлі банктерінің қаржылық қызметіне кешенді түрде талдау жүргізу арқылы бүгінгі таңда туындаған негізгі мәселелер анықталған. Бұл оқу құралы отандық экономика ғылымындағы тың тақырыпта жазылған алғашқы іргелі еңбектердің қатарына кіреді.
Ғылыми қызметкерлерге, оқытушыларға, экономикалық мамандықтардың студеттеріне, колледж оқушыларына, мамандарға және жоғарғы оқу орындарының магистратураларындағы экономикалық бағыттағы мамандықтар бойынша таңдау курсы ретінде ұсынылады.