Переработка отходов с основами новых доступных технологий: Оқу құралы / М.Ж. Нурушев, Г.Е. Саспугаева. – Алматы, CyberSmith, 2019. -200 б.
Бұл оқу құралы 1416000 – “қалдықтарды қайта өңдеу” мамандығы және 1416022 – “қалдықтарды қайта өңдеу жөніндегі оператор” біліктілігі бойынша техникалық және кәсіптік білім беруді дайындауда өзекті болып табылады. Бұл оқу құралы қалдықтарды өндіру, қайта өңдеуді басқару, оның ішінде ауыл шаруашылығы, қауіпті және басқа да қалдықтарды қайта өңдеу және оларды кәдеге жарату қағидаттарын қарайды. Нұсқаулықта өнеркәсіптік қалдықтарды жіктеудің теориялық негіздері қарастырылып, оларды қайта өңдеу бағыттары, кәсіби жабдықтар мен қайта өңдеу кезінде қолданылатын құралдар және олардың негізінде өнім алу тәсілдері туралы мәліметтер келтірілген.
Оқу құралы қалдықтарды қайта өңдеу басқармасында білімді кеңейту мақсатында әзірленді, оның ішінде қалдықтарды қайта өңдеудің заманауи әдістері және қайталама материалдық ресурстардың көзі ретінде қарастыру.
“Қалдықтарды қайта өңдеуді басқару” оқу құралы таңдалған қызмет саласында табысты жұмыс істеуге, еңбек нарығында әлеуметтік ұтқырлық пен тұрақтылыққа ықпал ететін кәсіби және арнайы құзыреттерге ие болуға, сондай-ақ үздіксіз кәсіби өзін-өзі жетілдіруге дайындалуға мүмкіндік беретін қалдықтарды басқару саласындағы кәсіптік білімнің мақсатын көздейді.