Бексултанова Р.Т., Сактаганова И.С. Қазақстан Республикасындағы атқарушылық өндірістің құқықтық негіздері. Оқу құралы: Алматы: CyberSmith, 2019. – 416 б.
Оқу құралы «ҚР Азаматтық іс жүргізу құқығы» оқу пәнінің бағдарламасына сәйкес дайындалып, Л.И. Гумилев атындағы ЕҰУ жасалған казустық технология бойынша құрастырылды.
Оқу құралында Чухвичев Д.В., Валеев Д.Х. және т.б. тәрізді танымал шетелдік зерттеушілердің атқарушылық өндірістің кейбір аспектілеріне байланысты жасаған салыстырмалы анализі қарастырылды.
Оқу құралы құқықтық жағдаяттарды (казустарды), оқу курсының барлық тақырыптары бойынша практикалық және тест тапсырмаларын, сонымен қатар жоғарғы оқу орындарының заң факультетінің студенттері, магистранттары және оқытушыларына арналған атқарушылық өндіріс курсына арналған теориялық (оқу) материалын қамтиды.