Жапбасов Р. Қойдың цитогенетикасы және тератологиясы. Монография. Алматы: ЖШС “Бастау” баспасы, 2006. – 288 б.
Бұл кітапта қойдың цитогенетикасы туралы ғылыми әдебиеттердегі және автордың өзінің зерттеулері нәтижесінде алынған толық мағлұматтар келтірілген. Қойдың әр түрлі тұқымдарындағы гиподиплоидты, гипердиплоидты, полиплоидты және хромосомаларының аберрациялары бар клеткалар деңгейінің олардың жасына қарай өзгеретіні анықталған. Қой тұқымдарыңда тумыстан болған кемістіктердің кездесу жиілігі, олардың патологиялық – анатомиялық сипаттамалары көрсетілген. Тумыстан болған аномалиялары бар қозылардың хромосомалары зерттеліп, олардың клеткаларындағы цитогенетикалық тұрақсыздық мөлшері анықталған. Мал популяцияларыңда цитогенетикалық және тератологиялық скрининг жүргізудің нәтижелерін Қазақстанның әр түрлі табиғи-экологиялық аймақтарында өсірілетін қой тұқымдарына генетикалық сипаттама беру, алынған ғылыми-практикалық деректерді мал шаруашылығында сұрыптау жұмыстарын тиімді жүргізіп, мал өнімділігі мен өсімталдығын арттыру үшін пайдалану жолдары баяндалған. Кітап ғылымның генетика, цитология, цитогенетика және тератология салаларының мамандарына, жоғарғы оқу орындарының биология, экология және мал шаруашылығы факультеттерінің студенттеріне, магистранттарына, аспиранттарына арналған.