С.Ғ. Бәтібаева, Ф.Н. Жұмабекова / Мектепке дейінгі педагогика тарихы: Оқулық. – Алматы: «АҚНҰР» баспасы. -2017.-312 б.
Оқулықта мектепке дейінгі педагогика ғылымының қалыптасу тарихы бойынша алғашқы қоғамдық тәрбиеде балаларды өмірге тәрбиелеу тәсілдері, мектепке дейінгі балаларды өмірге даярлау, аса көрнекті философтардың мектепке дейінгі тәрбие мәселелері туралы еңбектері мен Қазақстанда қазақ тіліндегі және орыс тілді балабақшалардың салыстырмалы қалыптасу және даму тарихы сипатталды. Қазақстандағы, ТМД және шет елдердегі озық іс-тәжірибелері, мектепке дейінгі тәрбиелеу бағдарламалары, түрлі тиімді әдіс-тәсілдер көрсетілді.
Аталмыш оқулық бойынша қосымша өзіндік жұмыстар үшін тапсырмалар мен тесттік сұрақтар ұсынылды. Мектепке дейінгі педагогика тарихы оқулығы педагогика институттарының мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу факультеттерінің студенттеріне, педагогикалық колледж оқушылары мен оқытушыларына, мектепке дейінгі ұйымдардың қызметкерлеріне арналады.