Аутаева А.Н. Ауызша сөйлеу тілін қалыптастыру әдістемесі: Оқу құралы . Алматы: «АҚНҰР» баспасы, 2018 – 164 б.
Оқу құралы «Ауызша сөйлеу тілін қалыптастыру әдістемесі» курсы бойынша ұзақ жылдық ұстаздық-тәжірибелік жұмыстардың жемісі болып табылады.
Ұсынылып отырған оқу құралында ауызша сөйлеу тілінің теориялық негіздері: жалпы сипаттамасы, маңызы, сөйлеу тілінің компоненттері мен қазақ тіліне тән фонемалар мен дыбыстар жүйесі, дыбыс айтуға үйретудің мазмұны, міндеттері, қалыптастыру әдістері мен тәсілдері айқындалған. Сонымен қатар есту қабілеті зақымдалған балаларды ауызша сөйлеу тіліне үйретудің әдістемелері: тыныспен, дауыспен, тілдік дыбыстармен, дауысты және дауыссыз дыбыстармен, сөзбен, сөздік екпінмен жұмыс, сөйлеу тілінің темптік-ырғақтылығымен және интонациялық жағының жұмыстары зерделенсе, оқу құралының үшінші тарауында ауызша сөйлеу тілімен жұмысты ұйымдастыру мәселелері қарастырылады.
Оқу құралы студенттерге ғана емес, сонымен қатар жоғары оқу орындарының ұстаздар қауымына, аспиранттарына, магистранттарына, арнайы білім беру жүйесінің мамандарына, арнайы мектептердің мұғалімдері мен тәрбиешілеріне, есту қабілеті зақымдалған балалардың ата-аналарына және т.б. сурдопедагогика саласына қызығушылық танытып жүрген ғылыми қызметкерлердің пайдалануына арналады.