К. Калхун. Оксфорд әлеуметтік ғылымдар сөздігі. “Ұлттық аударма бюросы” ҚҚ. 2019 – 480 б.
Оксфорд әлеуметтік ғылымдар сөздігі антропология, әлеуметтану, мәдениеттану, психология, саясаттану, филология, философия және экономика салаларының 1500-ден аса терминін топтастырған. Кітапта әлеуметтік ғылымдардағы негізгі теорияларға, концепцияларға, ғылыми әдістер мен өзге де құбылыстарға қысқа, бірақ тұшымды анықтама беріледі. Оған қоса, ғылым салаларындағы негізгі ұғымдар мен заңдылықтар, үрдістер мен жаңалықтар түрлі көзқарас тұрғысынан сараланады.
Терминологиямен қоса, сөздікте Франң Боастан бастап, Джон Мейнард Кейнс, Макс Вебер секілді әлеуметтік ғылымдарға серпіліс әкелген 300-ге жуық ғалымның өмірбаяны мен ғылымдағы жаңалықтары кеңінен қамтылған. Сөздік гуманитарлық сала мамандықтары мен студенттерге, әлеуметтік ғылымдарға қызығатын жалпы көпшілік қауымға арналған.