Homo Deus: Болашақтың қысқаша тарихы

Харари Ювал Ноаһ. Homo Deus: Болашақтың қысқаша тарихы. “Ұлттық аударма бюросы” ҚҚ. 2019 – 436 б.

Бұл еңбек Ювал Ноаһ Хараридың дүниежүзіндегі барша оқырманның таңда- нысын тудырған «Sapens: Адамзаттың қысқаша тарихы» деп аталатын алғашқы кітабының жалғасы іспеттес.
Жақын болашақта Google мен Facebook талғамымыз жайлы өзімізден де артық біліп, компьютерлер еңбек нарығынан миллиардтаған адамды ығыстырып шығарса не істейміз? Технологияларды меңгерген адамзаттың жойқын күшінен Жерді қалай сақтап қаламыз? Гендік инженерияны дін қалай қабылдайды? Мәңгі өлмеу, рақатқа бөлену және Құдай болуға деген ұмтылысымыз XXI ғасырда іске аса ма? Осы тақылеттес өзекті сұрақтарға жауап беруге тырысқан бұл еңбекте бүгінгі күннің дилеммалары талқыланып, жан-жақты қарастырылған. Автор 300 жыл бойы үстемдік құрған гуманистік идеялардан туындайтын болашаққа болжам жасайды.